Жанарыңнан бір моншақты үйіріп

Бұл бетте «Жанарыңнан бір моншақты үйіріп» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 513
Жанарыңнан бір моншақты үйіріп,
Жылдам басып шығып кеттің киініп...
Кейін білдім ауырғанын жанымның,
Қабағымның қалғандығын түйіліп.
Іле-шала жүгіріп ем артыңңан,
Қарамадың – жалынсам да, қиылып.
Одан кейін қараңды да көрмедім,
Арамыздан хабар-ошар тиылып.
Осы күні... осы күні жүрегім
Тоқпақтайды – тар кеудемді жиі ұрып.
Ойлай-ойлай әлім кетті бойымнан,
Қайнай-қайнай қаным кетті сұйылып.
Ешкім енді емдей алмас дертімді,
Бүкіл әлем дәрігері жиылып.
Тұр екен ғой, тұр екен ғой
Дүние-ай,
Піскен алма бұтақтары иіліп.
Қандай қиын...
Қандай қиын құр қалған
Дастарханда тұрған дәмнен бұйырып.
...Енді бүгін «бір көрсем» деп тілеймін,
Құдайыма қайта-қайта сыйынып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанарыңнан бір моншақты үйіріп өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Жанарыңнан бір моншақты үйіріп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанарыңнан бір моншақты үйіріп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанарыңнан бір моншақты үйіріп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері