Алтын шуақ маңайың – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Алтын шуақ маңайың» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 847
Алтын шуақ маңайың,
Жұтайын да, қанайын.
Бал татыршы тіліңнен
Өртенейін, жанайын.
Жан сырымды біл, жаным,
Болайын ба құрбаның.
Айдын көлдің қуы бар,
Ақ бұлақтың шуы бар.
Дерт боп кірген денеме
Махаббаттың уы бар.
Рахатым – сол уым,
Мүмкін емес өлуім!
Таудың биік шыңында
Қолға түспей елік тұр.
Шыққыр көзім, шынында,
Не сұмдықты көріп тұр?
Қар жауғандай қабағым,
Көнбей қойды ерікке.
...Бір сұр мерген садағын
Ұмсынып тұр елікке.
Сүйді ме шын жүрекпен,
Арғы жағын кім ұғар.
Қиналмай-ақ бір оқпен
Атып алар түрі бар.
Екеу ғана – оңаша,
Тұл тыныштық бар маңда.
Ажалына араша
Ара түсер жан бар ма?
Тартып үміт ілгері,
Адал серттен айнымай.
Тап келтірген бұл мені
Қай құдірет, қай құдай?!
Мерген қолы дір етті,
Атылмады сұр жебе.
Берді тәңір тілекті,
Бұлай болды бұл неге?!
Бұл сұмдықты кім көрген,
Тастап қайғы-наласын.
Сумаңдаған сұр мерген
Тез батырды қарасын.
Көрсем деп ем түсімде,
Ботадай-ақ боздадым.
Тауда – талдың ішінде
Талып қала жаздадым.
Мен байғұстың халімен
Кім шығарар кесімді
Есеңгіреп қалып ем,
Әзер жидым есімді.
Тірі пенде – мен өлік,
Түстім тағдыр торына.
Шошып кеткен сол елік
Ілікпей жүр қолыма.
Сұр мергеннен қорықпай,
Жүрсе болды бабында.
Сол елікке жолықпай
Ашылмас-ау бағым да.
Қайран жастық дәуірім,
Ойнар еді-ау көзімде.
Сол еліктің сауырын
Бір сипаған кезімде!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтын шуақ маңайың өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Алтын шуақ маңайың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтын шуақ маңайың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтын шуақ маңайың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері