Емес олар

Бұл бетте «Емес олар» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 774
Емес олар
Жаудан бұғып жасқанған,
Ана биік асқар таудан, аспаннан.
Бұл Әлемнің Жаратылыс жарығы
Әйелдерден – Аналардан басталған.
Тарихтың қатпар-қатпар сыры мың,
Сала алмайды тағдыр оған құрығын.
Даналарды Дүниеге келтіріп,
Сепкен олар Ұлылықтың ұрығын.
Қалыбына қарасаң да қай елдің,
Әйелдерсіз белгілі ғой жайы Ердің.
Бақытыма – жақұтыма жаралған,
Әйел – ана,
Әйел – ару,
Әйел – гүл.
Әйел – ару!
Қажет жерде – ержүрек.
Қам жасайды қалмасын деп ел жүдеп.
Тіпті бар ғой Елбасының өзі де
Ару десе кететіндей елжіреп.
Ару десем – Ай нұрланып. Күн күлер,
Ару десем – долы дауыл, тынды жел.
Әйел жаны – нұрлы дүние, сырлы әлем,
Іштерінде не жатқанын кім білер?!
Аруларды мақтамайды бекер жұрт,
Шалқып жаны – жүрегінен от өріп.
Өлейін деп жатқан шалдың өзі де
Қыз дегенде алған басын көтеріп.
Қарай білсең аруларға қызыға,
Еріп кетер құзар таудың мұзы да.
Қайран Жәкем тақағанда тоқсанға,
Ғашық бопты грузиннің қызына.
Әйел жаны – алтын сарай ғажайып,
Ғажайыпты түсінбеудің өзі айып!
Ей, еркектер!
Бара жатқан жоқ па осы
Сексенбайлар, Тоқсанбайлар азайып?!
Оң жағынан туса болды Айы сәл,
Өз жағдайын жасауға тек ойысар,
Бұрынғыдан келе жатқан сөз бар ғой,
Не істейтіні – біздің қазақ байыса...
Байтақ далам,
Асқар тауым гүлдесін,
Бекітейік Еліміздің іргесін.
Елдің, жердің жасап алмай жағдайын,
«Тоқал алған несі екен?!» – деп жүрмесін.
Алдыменен «отауыңды сайлап ал!»...
Содан кейін көңіл шіркін жайланар.
Аталардың айтқанына мән берсек,
Әңгіме көп толғанар да ойланар.
Аман сақтап дұшпан атқан сан оқтан,
Аруларды жарылқай гөр, жаратқан!
Батырларға бас идіріп Арулар,
Қатал деген ханның өзін қаратқан.
Алдымыздан туа берсін жақсы күн,
Осы менің ақ көңілім, нақ сырым.
Ұл өсірген, қыз өсірген Анаға
Мейірімін түсіре көр Басшының.
Ей, Арулар!
Нұрға толы жүрегі,
Айтса болды – орындалған тілегі
Өздеріңді сүйікті ете білсеңдер –
Ел де сені Биіктете біледі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Емес олар өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Емес олар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Емес олар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Емес олар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері