Қарауылдың қыздары

Бұл бетте «Қарауылдың қыздары» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 661
Көрікті ғып жаратқан
Көк шыршадай құздағы...
Ханның өзін қаратқан
Қарауылдың қыздары.
Туған-туыс, бауырдың
Тал бесігі – ел іші.
Қыздары көп ауылдың
Аз болмаған серісі.
Жұлдызындай жапанның
Қызықпайды қай кісі.
Ақтоқтысы Ақанның,
Біржан салдың Ләйлісі.
Тауып сылтау – көп себеп,
Қарайлаймыз біз-дағы...
Қармағыма қапса деп
Қарауылдың қыздары.
Сырласыңдай, досыңдай
Қарауылдың қыздары.
...Болса, шіркін, осындай
Әр ауылдың қыздары!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарауылдың қыздары өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Қарауылдың қыздары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарауылдың қыздары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарауылдың қыздары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері