Ұры – Ислам Қосжан

Бұл бетте «Ұры» атты Ислам Қосжан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 531
Аты жоқ өлең.
Бола ма?!.
Пенденің жайын сұрама,
Бақытым қайда бір үзім?!.
Жерге түс, бірақ, құлама,
Аспанда тұрған жұлдызым.
Бәрі де тұман, қиялдай,
Елес боп қалған көп күннен.
Жүрмесең болды сүйе алмай,
Сүйуді ұрлап кеттім мен.
Селдетіп тұрған жауын бір,
Шөлдетіп тұрған сезім бұл,
Кеудені ұрған дауыл жыр,
Пенделік десең –
Оны да енді... өзің біл.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері