Бұл бетте «Орманшы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
О, орманшы, орманшы,
Домбыраңды қолға алшы.
Орманыңдай ойланшы,
Өзеніңдей толғаншы.
Азынаған тулап күй,
Қара орманды қыс буған.
Бүкіл орман бір-ақ үй,
Боран ұлып, ышқынған.
Сыры тылсым дүние,
Азынайды жел даусы.
Ондай кезде үйінде
Отырмайды орманшы.
Қар лақтырып көзіңе,
Қариды қыс бетіңді.
Орманшының өзі де
Аяз-ата секілді.
Жортып қырдың жонында
Боран бір күй тартады.
Орманшының қолында
Бүкіл орман әр талы...
О, орманшы, орманшы,
Домбыраңды қолға алшы.
Орманшыңдай ойланшы.
Өзеніңдей толғаншы.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі