Қулық – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Қулық» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 739
Ала сиыр желiндеп,
Туатын күн тақады.
Атам оны ерiнбей,
Көрiп келiп жатады.
Бұзауына сыз өтiп
Қала ма деп қорқады.
Көзiн iлмей күзетiп,
Атады оның əр таңы.
Сиыр сөйтiп бiр күнi
Бұзау тапты балықтай.
Өзi тiптен сүйкiмдi
Қарай бердiк жалықпай.
Киiз таңып тастадық,
Арқасына тоңар деп,
Сүтке тоя бастадық,
Көршiлер де алар кеп.
Апам сиыр сауатын,
Мен «бұзауды салатын».
«Тарт!» дегенде бұзауды
«Əлiм жетпей» қалатын.
«Емсiн» деген сырымды
Апам сезiп қалатын
Жақтырмастан мұнымды
Ұрсып-ұрсып алатын
Ыза боп сол iсiме,
Нұқып менi өтетiн.
Сонда ғана күшiме
Күш қосылып кететiн.
Жанашыр сол iсiмнен
Болдым əбден «өлесi».
Осы бұзау үшiн мен
Көрiп жүрдiм «көресi».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қулық өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Қулық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қулық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қулық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері