Гүл – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Гүл» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1403
(Əнi бар)
Аспанда күнiм
Нұрланып тұрса.
Далада гүлiм
Ырғалып тұрса.

Қайырмасы:
Қызыл, ақ, көк гүл,
Не деген көп гүл,
Достармен келiп жинаймын.
Ең жақсысын
Бiр құшағын.
Мамама əкеп сыйлаймын.

Бөленсiн гүлге
Шағала үйлер.
Қызықпен өтсiн
Жағалап күндер.

Қайырмасы.

Қызғалдақ тердiк
Даладан шаршап,
Əр күндi бейбiт
Күтемiз аңсап.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері