Мерейтой – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Мерейтой» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Келер жылға жеткiзсе,
Жасым толмақ жетпiске, –
Дедi атам, – Сол тойды
Дүрiлдетiп өткiзсе...
Осы бастан дайындал,
Той жасайтын халiң бар!» –
Айтты атам əкеме:
«Туған-туысқан бəрiң бар».
Ал, əжем ше?
Ол кiсi,
Жасы атамнан көп кiшi,
Төрт жылдан соң келедi
Тойлайтұғын жетпiсi...
Жəне есептеп қарадым,
Əкем менен анамның
Қосқан кезде жастарын,
Жетпiс екен,
Санадым.
Болғаным жоқ бұған дал,
Мұны есептеп шығам дəл.
Түйдей құрдас екеуi,
Бiр жылы олар туғандар.
Есептеуге бар шама
Болса,
Ендеше,
Ал, сана,
Атам биыл қаншада?
Əжем қазiр қаншада?
Əкем қазiр қаншада?
Анам қазiр қаншада?..

(Атам 69 жаста, əжем 66 жаста, əкем 35 жаста, анам 35 жаста)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері