Болар едім чемпион – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Болар едім чемпион» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1209
(Бөспенiң арманы)

Спорттың бар түрiнен
Чемпион да боламын.
Штанга ма,
Мұны мен
Көтере де аламын.
Жарты тонна өзiме
Ауырсынар салмақ па?
Бұйым көрмей, тезiнен
Көтеремiн қаңбақша!
Ұзындықтан он метр
Секiрiп мен өтемiн!
Жүз метрге жүгiрiп
Үш сенундта-ақ жетемiн.
Екi метр аз болып,
Үш метрден қарғимын.
Жиылған жұрт мəз болып,
Мен де бiрге шалқимын...
Арманым бұл өзiмнiң,
Чемпион боп жүрер ем.
Ақтығы үшiн сөзiмнiң
Тек мынаны тiлер ем:
Стадион ол үшiн
Жабық болса əрдайым,
Жəне орнатса...
Мен үшiн
Салмақсыздық жағдайын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болар едім чемпион өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Болар едім чемпион өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болар едім чемпион өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болар едім чемпион өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері