Амал – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Амал» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 900
Кiшкентай бөбегiм
Ұйқыға кiрiстi.
Осы едi керегi,
Қолға алдым бiр iстi.
Отырмын жұмыс қып,
Тыныштық орнады.
Бiрақ
Бұл тыныштық
Ұзаққа бармады.
Оянып бөбегiм,
Ескi əнiн бастады.
Бiтпедi өлеңiм,
Жыртып ол тастады.
Жəне де келе сап,
Мойныма асылды.
Сынды да қаламсап,
Қағазым шашылды...
Бөпеме қылықты
Таптым мен амалды.
Асырдым қулықты,
Бұл əдiс жарады.
– Кəнеки,
Кел, – дедiм, –
Мұрныңды сүртейiн!
Сол екен,
Бөбегiм
Бұрылды кiлт кейiн.
Қайтып ол бөлмеге
Қойды бас сұққанды,
Мазалап əрнеге,
Басыма шыққанды.
Маған ол келсе ендi,
Жағалап,
Икемдеп,
Қорқытам:
– Мен сенiң
Мұрныңды сүртем! – деп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Амал өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Амал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Амал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Амал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері