Өмір бойы сақтап қалған мәрт атын – Хамит Есеман

Бұл бетте «Өмір бойы сақтап қалған мәрт атын» атты Хамит Есеман жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 463
Өмір бойы сақтап қалған мәрт атын,
Махаббаттың күйін шертті қарт ақын.
Ғашықтардың хикаясын төгілтіп,
Домбырасын тоқсан толғап тартатын.
Бой тасалап пендешілік күбірден,
Күй толғайды Тәттімбет пен Сүгірден.
Сұлу қыздың назды сәтін салды кеп,
Отауына еркелеп бір жүгірген.
Енді арудың үйден шығар сәтін сал,
Қызықтайық қыздың көркем затын сәл.
Мүмкін біз де ақын болып кетерміз,
Жоқ, біздерге сене алмайды ақын шал.
Кенет сөзді басқа арнадан тартады,
Таусылмайды жәдігер сөз, бар тағы...
Өлең жайлы айтса егер де, әлгі қыз –
Ақын болып кететіндей қорқады.
Кеудесінде күмбірлеген ария,
Мақамы енді тасып аққан дария.
Өмірінен өнеге өріп беретін,
Көрінбейді бүгін сол бір қария.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір бойы сақтап қалған мәрт атын өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Өмір бойы сақтап қалған мәрт атын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір бойы сақтап қалған мәрт атын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір бойы сақтап қалған мәрт атын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері