Қобыз сарыны – Хамит Есеман

Бұл бетте «Қобыз сарыны» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 654
Мойнында дүние азабы,
Қанында тулаған ғазалы.
Құдайда жазығы жоқ оның,
Әйтеуір сонда да жазалы.
Сезімі іңірге таматын,
Сырласы-жұлдызды қара түн.
Қауырсын түспейтін қолынан,
Шағала қаққанда қанатын.
Сыр тартып тұңғиық түндерден,
Сүйінші сұраған күндерден.
Далалық қара көз бағбаны –
Күн сайын тәж өрген гүлдерден.
Менің де тулатып қанымды,
Айтады ол Абыл мен Қабылды.
Өлеңнің өртінен қашамын,
Қоярға жер таппай жанымды.
Дүниеге өлең боп оқылған,
Өмірді сұраңыз ақыннан.
Шыбындай жаны үшін сатылмай,
Аққудай ары үшін атылған.
Теңізде тоқтамай кемесі,
Бітпейді тағдырмен егесі.
Қобызға қосады қайғысын,
Жердегі Құдайдың елесі.
Бас қамын басқаға зар тұтпай,
Өз-өзін өзгеден зор тұтпай,
Өмірін өлеңмен ұзартып,
Күн кешкен кешегі Қорқыттай.
Ақындар, ай, қайран оғылан,
Қашпаған сұңқардың сорынан.
Қобыздың сарыны – өлеңі,
Әуенін қыранша қорыған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қобыз сарыны өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Қобыз сарыны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қобыз сарыны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қобыз сарыны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері