Жалыныш – Хамит Есеман

Бұл бетте «Жалыныш» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 502
(Мұңайыс-хат)

Түсініп қарашы дерт емген жаныма,
Себебі бәрінен ерексің мен үшін.
Әйтеуір туыппын өзімнің сорыма,
Бірақ, ол менің жеңісім.
Қайғылы болса да бір нәрсе айтамын,
Ойламай жүрші тек Ұлы Өлім хақында.
Келеді әлемді өлеңмен шайқағым,
Сен үшін қақталып сезімнің отында.
Сұлусың...
Еш күмән келтірмен,
Өтінем, сүймеші ешкімді.
Сол үшін өзімді бейуақ өлтіргем,
Содан да өлеңге дауысым естілді.
Сондықтан гүлдерді тірідей үзбедім,
Сол үшін әлемге өлең боп оқылам.
Әзірге құстардың көктегі тізбегін,
Өзімше бақылап отырам.
Бір күні айтқансың сен өзің туралы,
Себепті, себепсіз.
Түсінгем, өмірдің думаны,
Біздерге керексіз.
Бәрібір жұмбақсың мәңгілік шешілмес,
Енді ондай әңгіме айтпашы мен үшін.
Ақынды ертерек бақиға көшірмес,
Болса егер жер беті келісім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалыныш өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Жалыныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалыныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалыныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері