Аярлық оймен, не зілмен
Бұл бетте «Аярлық оймен, не зілмен» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аярлық оймен, не зілмен
айтылған емес бекер бұл:
Кемшілік көрсем өзімнен
өзгені сыйлайды екенмін.
Көңілшектікпен не зілмен
жазылған емес бекер бұл:
Жетістік көрсем өзімнен
өзгені сүйеді екенмін.
Тек саған айтқан сөзім бұл:
болып ап көңілім тас қатты,
Ұнатқан сайын өзімді
өзгеге суи бастаппын.
Жүр ғой жыр мені батыл ғып
шыныңды ғана шерт деумен:
Шыға ма деймін ақындық
өзіңді-өзің зерттеуден...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі