Фәни – Хамит Есеман

Бұл бетте «Фәни» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 527
Мекені қырық түрлі құлшылықтың,
Иесі түбірі жоқ тіршіліктің.
Қабылына өлтірткен Абылдарын,
Фәнидің дидарынан түршігіппін.
Ол келген күн бәрін де күйретеді,
Туа біткен бишідей билетеді.
Тәрк етеді бөрілік болмысыңды,
Икемделсең иттікке үйретеді.
Талқандайды тәжің мен тағыңды да,
Түгел өртеп жіберер бағыңды да.
Құландай құйрық-жалсыз күн кеш мейлі,
Таппайсың жеритұғын қағыңды да.
Таты кетпей тамұқтың таңдайыңнан,
Бес батпандық бейнетің балдайыңнан.
Айдан аппақ көңілің кірбің тартар,
Тәңір танып сүймесе маңдайыңнан.
Фәни-ажал, солған гүл, семген тамыр,
Жердің бетін өлшеусіз көмген қабір.
Бір құтқарса құдірет құтқарады,
Ол да әуелде бір өзің сенген Тәңір.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Фәни өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Фәни өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Фәни өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Фәни өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері