Періште – Хамит Есеман

Бұл бетте «Періште» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 633
Жарым түнде періште қақты қанат,
Қақты қанат қылуға Хақты мадақ.
Ауадан Алла демі аңқығанда,
Жұпары кеңістікке жатты тарап.
Ар ісі ақын дейтін атым барда,
Құдайға дұға етпеуге хақым бар ма?
Дүниеге жыр келген күн Алла қалап,
Періштені жіберді ақындарға.
Тағдырларын алғанда шайқап енді,
Ақынның жүрегінде сайтан өлді.
Түнде ұшқан періште таңға қарай,
Аллаға сүйіншісін айта келді.
Ауызымда айтатын арзам қалып,
Жүрген шақта айналам арзан танып.
Періште қанатынан жыр саулады,
Алқаракөк аспаннан маржан тамып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Періште өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Періште өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Періште өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Періште өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері