Басымды тауға – Хамит Есеман

Бұл бетте «Басымды тауға» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 723
Басымды тауға,
тасқа ұрдым, түңілмедім,
Жарамас жарты жолдан бүгілгенім.
Жүрегімнен үзілген өлеңім-ау,
Шеменімді шетінет бүгін менің.
Ертеңгі үмітімді ұстартамын,
Бүгінгі күдігімді қысқартамын.
Дос дейтін дос жоқ менде білсең егер,
Сондықтан қыз болсаң да,
Іштартамын.
Күн кешемін бағзының серісіндей,
Сезім де сылдыраған келісімдей.
Иіді жан-дүнием...
Мен емеспін –
Қайыңның қатып қалған берішіндей.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері