Қызыл өлең – Хамит Есеман

Бұл бетте «Қызыл өлең» атты Хамит Есеман жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 499
Маған қарай айдайды жел күз бұлтын,
Жапырақтар тартты содан қызғылтым.
Алтын түймелі бір ару аңсатып,
Қызыл іңір боп басталды біздің түн.
Қыр астында қызыл кірпік күзім тұр,
Бұл дүние жылытпады жүзін бір.
Бұрымдының бұрымына қоса өрер,
Қырларға енді қаптамайды қызыл гүл.
Зілдей болып мұң басқанда еңсені,
Жиілейді көңіліңнің кемсеңі.
Арзу айтсаң аққуларға аққанат,
Сол болады дүниенің өлшемі.
Сүйгеніңді сүйдірмейді-ау бұл жалған,
Саусағында сақинасы бүр жарған.
Қызыл іңірден басқаны көрмеген,
Мен болармын мұңға жүкті мұндар жан.
Бұл дүниеде қызыл түсті Біз ғана,
Бізді ұғатын аймаңдай қыз Сіз ғана.
Қызыл гүлдер сыйлай алмай қамықтым,
Жар қызығын көрсететін қызға да.
Көзден ғайып қызыл дүние түбінде,
Еш мазмұн жоқ тасың түгіл, гүліңде.
Енді арғысы Аллаға аян тек қана,
Ескі мұңым есік қақты бүгін де...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызыл өлең өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Қызыл өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызыл өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қызыл өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері