Көктемге хат – Хамит Есеман

Бұл бетте «Көктемге хат» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 744
Қарс айрылып тұр бүгін көкірегім,
Өзіңе мені жақын етіп едің.
Маған қиын болып тұр жалғыздығым,
Күткен қыздай кешікпе, өтінемін.
Сен келгенде қалайын шуақты еміп,
Бәйітімді оқиын бұлаққа еріп.
Ал бүгінге жүрегім жабығуда,
Ғайыптан оны да өзің жұбат келіп.

Түзелер-ау десем де көшім көппен,
Қалған мезгіл мінезі тосын неткен?!.
Мен қимаймын жанымның жұбанышын,
Мен жоқтаймын өзіңді есіл көктем.
Ақкөйлек бір ақынның жырын ұғар,
Ару аз көктем мінез, қылығы бал.
Сары шаш күз – кәрі қыз оң жақтағы,
Сен бойжеткен сияқты ең бұрымы бар.
Өзіңменен кеткенде көп арманым,
Сезінемін бір өлең жоғалғанын.
Хат жазбай-ақ қояйын десем енді,
Кешір көктем...
Тасжүрек бола алмадым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемге хат өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Көктемге хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемге хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемге хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері