Гүлдерге оқылған өлең – Хамит Есеман

Бұл бетте «Гүлдерге оқылған өлең» атты Хамит Есеман жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 917
Дүниелік нәзіктігі – айыбы,
Қандай ғажап гүл біткеннің ғұмыры!
Оған ғашық шайырлардың шайыры,
Оған ғашық құстардың да құмыры.
Гүл, гүл ғажап періштесі даланың,
Жаһандағы жаны таза ұлы емім.
Гүлге қарап кейде жылап аламын,
Гүл секілді болмағанға жүрегім...

Жәудірейсің құшағында қыздардың,
Жалықпашы жұпар шашып тұрудан.
Сонда сені алғаш рет қызғандым,
Өзім сүйіп қалған айдай сұлудан.
Гүлдер,
Гүлдер мұңым әрі ақылшым,
Айналдыңдар құдіретті мүсінге.
Мен жайлы сыр айтпақ болып жатырсың,
Өлең жазған дәптерімнің ішінде.
Гөзал гүлдер ақтығыма сенерсің,
Жүрегіме өлең болып тамғанда.
Сосын...
Сосын қабірімді көмерсің,
Туған халқым мені есіне алғанда...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүлдерге оқылған өлең өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Гүлдерге оқылған өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүлдерге оқылған өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Гүлдерге оқылған өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері