Қара жорға – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қара жорға» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4687
Айдап салдым жылқымды теріскейге,
Бақпай қойса мал шіркін өрістей ме-ай.
Жылқы ішінен саңлақты ұстап мініп,
Осылайша ән салсам-ай, келіспей ме-ай.

Қара жорға,
Жорғалатып салайын-ей,
Жолдан жолға-ай.

Жүйрік те бар, жылқымда жорға да бар,
Бір атымнан тер шықса-ай, пиғылым тар-ай.
Ортақ малын елімнің өсірем деп,
Партияға көтерген-ай сенімім бар-ай.

Қара жорға,
Жорғалатып салайын-ей,
Жолдан жолға-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері