Жазықтымын-ау – Хамит Есеман

Бұл бетте «Жазықтымын-ау» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 491
Жазықтымын-ау,
Жазығым сол ғой сені ылғи сағынатыным.
Нәзіктігің-ау,
Сағынбашы деп жалынатының.
Өзекті тіліп өкініш өріліп түнде,
Өкіндім өрелі арманым.
Кеткендей қырық қабырғам сөгіліп мүлде,
Мен оған көне де алмадым.
Кеттің ғой болмай шуақ көшелі,
Желкенді бұлттар төбемнен жылап көшеді.
Жүрегіңдегі жауқазын солған да шығар,
Құрғаған болды біз барған бұлақ кешегі.
Жұмбақ екенмін,
Туғалы шешілмей келем,
Сияқты шөгерілген көшімдей өлең.
Осы түн саған бір өлең жазбасам егер,
Өзімді бұл дүниеде кешірмей өлем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазықтымын-ау өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Жазықтымын-ау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазықтымын-ау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазықтымын-ау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері