Қадірім білінбей өзіңе – Хамит Есеман

Бұл бетте «Қадірім білінбей өзіңе» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 482
Қадірім білінбей өзіңе,
Сонау бір балауса көктемде.
Тамшы жас іркілген көзіме,
Ауылдан сен ұзап кеткенде.
Әдемі қыз болды қаншама,
Бірін де көзіме ілмедім.
Өзіңе қараушы ем тамсана,
Жанымды жаулайтын күлгенің.
Ешкімді көзіме ілмеспін,
Тәкаппар болған да кезім көп.
Сол балаң түйсікпен күн кештім,
Балалық аңсарым өзің боп.
Сүйкімді ең, одан соң пәк едің,
Ақ бантик байлаған шашыңа.
Бәрінен бақытты бала едім,
Бір сабақ отырсам қасыңа.
Сүймедім, сүйдірмей кетіп ең,
Көзге ілмей тілі жоқ ғашықты.
Сол үшін әлі күн өкінем,
Ол үшін жүрегім жазықты.
Ән аңсап домбыра ішегі,
Өлең боп Ай туды қияқты.
Ақ бантик есіме түседі,
Арыңның белгісі сияқты.
Сен болдың қара көз қалалық,
Қия алмай қоштастым өзіңмен.
Бір шумақ тіліме оралып,
Бір тамшы ыршыды көзімнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қадірім білінбей өзіңе өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Қадірім білінбей өзіңе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қадірім білінбей өзіңе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қадірім білінбей өзіңе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері