Гүлдей бір қызды ұнаттым – Хамит Есеман

Бұл бетте «Гүлдей бір қызды ұнаттым» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1290
Гүлдей бір қызды ұнаттым,
Күндей бір қызды ұнаттым.
Жалыны өртеп барады,
Жанында жанған шырақтың.
Көргенде бердім көз ақы,
Арналды соған сөз аты.
Құмарым қанбай ынтықтым,
Құштарлығыммен қазақы.
Бір туған қоңыр мұңыммен,
Жұмақ сыйладым жырыммен.
Сүймекке сосын серт еттім,
Азапкер ақындығыммен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері