Жазу – Хамит Есеман

Бұл бетте «Жазу» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 649
Жазудан кім опа тапқан жалғанда,
Біле тұра мен де жаздым өлеңді.
Арманымды жалғап жүрмін арманға,
Айлағынан айырсам да кемемді.
Жүрегімнің басындағы запыран –
Аздық етпес ақымақ бір кәллаға.
Періштені түнде өзіме шақырам,
Аманаттау үшін жырды Аллаға.
Алладан ақ бұйрықты өлім келгенше,
Құраннан соң Өлең болар жолдасым.
Жұлдыз ағып, көзімнен күн сөнгенше,
Жазған жырым жарты әлемді шарласын.
Ал тірлікте өлең ғана оқиық,
Қастер тұтып керік қасты гөзалды.
Бола алмасам ақ бас шыңдай ақиық,
Тартқаным деп білгей ауыр жазамды.
Самсап ақса әппақ нұрлар түмендеп,
Таңдайыма тамшы татыр шөлдесем.
Ал әзірге қай жоғымды түгендеп,
Өлеңменен қай дертімді емдесем.
Жұлдыз ағып аспан төсін тілсе егер,
Қия беттен құласақ та көнерміз.
Ай сәулесі қаракөкке сіңсе егер,
Қияметте жырмен жауап берерміз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазу өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Жазу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері