Оңашадағы ой – Хамит Есеман

Бұл бетте «Оңашадағы ой» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 835
Жыр жаза алмай құсалымын,
Жүрегімді тұсады мұң.
Құрбаны боп кетер ме екем,
Тағдырымның пышағының.
Ой дейтін жоқ сөздерімде,
Ісім – тағдыр безбенінде.
Жасырынып жүрмін бе әлде,
Сұлулардың көздерінде.
Ынтығамын күзге күрең,
Ләззат алам қыз демінен.
Көктемімді іздер ме екем,
Әз құстардың тізбегінен.
Қыздың қою бұрымынан,
Қасиетті сыр ұғынам.
Өлең терем өмір жайлы,
Шегірткенің шырылынан.
Сонда да жыр жаза алмадым,
Желге ұшқандай әз арманым.
Түсінбедім өмір жайын,
Ұға алмадым ғазал мәнін.
Мені қыздың назы қысқан,
Көңілімнен қазым ұшқан.
Не болса да көнемін ғой,
Озбағасын жазмыштан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оңашадағы ой өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Оңашадағы ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оңашадағы ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оңашадағы ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері