Көктемдегі ақ жауынға құмармын – Хамит Есеман

Бұл бетте «Көктемдегі ақ жауынға құмармын» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 701
Көктемдегі ақ жауынға құмармын,
Сол арқылы мәңгі жасап тұрармын.
Жай отындай жасын мінез танытып,
Өлең болып төгілетін шығармын.
Ақ қауызы қасиетіндей тұмардың,
Гүл біткенді аялауға құмармын.
Гүл дәуренім гүлге ынтық қылса егер,
Гүлдей қызға ғашық болған шығармын.
Тау ұлындай тауға қарай ынтықтым,
Рухы асқақ таудан ұлы жыр күттім.
Тауды көру үшін ұшар биіктен,
Сұрар едім мен өмірін бүркіттің.
Ақын болсам тағдырымен серттескен,
Батыр болсам Отан үшін от кешкен.
Кейде тіпті қыран болғым келеді,
Көкірегін көңіл емес, кек тескен.
Қанып ішсең жеткізердей мұратқа,
Құмармын мен саф күмістей бұлаққа.
Айлы түннің самалына ғашықпын,
Сыр айтатын айқаракөз шыраққа.
Авторындай дүниедегі ұлы әннің –
Құмыр құстың әуеніне құмармын.
Мұның бәрі жүрегімді тербетті,
Мүмкін ақын болып кеткен шығармын!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемдегі ақ жауынға құмармын өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Көктемдегі ақ жауынға құмармын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемдегі ақ жауынға құмармын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемдегі ақ жауынға құмармын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері