Бес күн тiрлiк – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Бес күн тiрлiк» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 630
Бес күн тiрлiк... жеткiзбедi-ау мұраттар,
Анталайды шешiмi жоқ сұрақтар.
Адамдарды әлдеқайда асыққан,
Алып қалып жатыр мұңлы қыраттар.
Жұмбақ сестi сезiнесiң моладан,
Ей, жолаушы, абайлап жүр, бол аман.
Алып қалып жатыр, әне бiртiндеп,
Адамдарды ақ кебiнмен ораған.
Өмiр солай... кiмге бүгiн сын тағам,
Айту үшiн менi осында жұмсаған.
Жақсы менен жайсаңын да кешегi,
Төмпешiк қып топырақпен қымтаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бес күн тiрлiк өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Бес күн тiрлiк өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бес күн тiрлiк өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бес күн тiрлiк өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері