Туған ауылда – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Туған ауылда» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 718
Осы ауылдың бiр кезде өндiрi едiм,
Өткендi ойлап жан-жаққа телмiремiн.
Арманшыл ем, пәк едiм, алғаш рет,
Осы ауылда өлең боп мөлдiредiм.
Түрлi-түрлi басымнан көшiп көктем,
Адамдық тағдырымды шешiп кеткен.
Жанашырлар ертерек мәңгi ұйқыға,
Анау қырға қоштаспай көшiп кеткен.
Бар қайғысын сол мұңлы бөлiп қырдың,
Қасқа жолмен көшеңе келiп кiрдiм.
Жүз жылдық сағыныштың сазыменен,
Туған ауыл оралып келiп тұрмын.
Жапырағы желге ұшқан күз не дейдi,
Не ой салар мына өлең сiзге мейлi.
Елегiзiп әлдене күтетұғын,
Бұл ауылда менi ешкiм iздемейдi.
Тоғай мынау ойнаған баяғыда,
Анам қайта құшағын жаяды ма.
Жаутаң қағып топ бала қарай бердi-ау,
Бейтаныс жолаушыны аяды ма?
Алла бiлер қаншаға шабарымды,
Алдан қандай жақсылық табарымды.
Туған ауыл өзiңнен ұзап барам,
Жасаураған жасырып жанарымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған ауылда өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Туған ауылда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған ауылда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған ауылда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері