Қос көкем – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Қос көкем» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 592
Анау, әлде мынау маған дос па екен,
Осыларға кімдер мені қосты екен?
Кезек өтіп,
бұл дүниеден баз кештім,
Қадыр менен Тұманбайдай қос көкем.
Көңілімде күңіренген қобыз бар,
Қиялымда сол баяғы со қыз бар.
Қоңыр күздер
сыздатқанмен жүректі,
Көктем сайын оралады абыздар.
Ұстазыңды іздегенге бар ма айып,
Асылдардан тағы айырылып қалмайық.
Қайтқан қаздың
қаңқылынан іздедім,
Екі ағамды сағынғанда сарғайып.
Қос көкемнің жыры маған ұнаған,
Елі сүйген, жері сүйген ғұламам.
Кездесуде
қойылады сұрақтар,
Қадекең мен Тұмағамды сұраған.
Маң даланың сүйген тауын, құлынын,
Шетін сездік тереңдегі сырының.
Ақындарда арман бар ма,
шіркін-ай,
Жырларымен жазып кеткен ғұмырын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қос көкем өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Қос көкем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қос көкем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қос көкем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері