Сүйемін сені
Бұл бетте «Сүйемін сені» атты Алма Түсіпбекова жазған махаббат туралы өлең берілген.
Сүйемін гүлді,
Бөліскен менімен сырды,
Аялап тұратын жырды.
Сүйемін көкті,
Нұр суын төкті,
Жауыны бетімнен өпті.
Сүйемін тауды,
Тәкаппар тұлғасы асқақ,
Басынан ақ бұлттар ауды.
Сүйемін өзіңді, дала,
Жаныңда болса егер жара
Емдейді ол!
Оны дос сана.
Сүйемін сені, жер-ана,
Тірлікте, толғауы тоқсан,
Тірегім бір өзің ғана.
Сүйемін, көлдер, өзен,
Керіп ап аппақ желкен,
Қайықпен арман кезем.
... Сүйемін сені,
Азапқа салсаң да мені,
Бір өзің – көңілдің демі.
Сүйемін сені...
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі