Тым көңiлсiз – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Тым көңiлсiз» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 623
Тым көңiлсiз
өттi қызық күзiң де,
Қыздар маған хат жазбайды бүгiнде.
Құлағына сыбырлап мен ақырын:
«Ұлы шайыр болам дегем түбiнде».
Жота жатты
жазыла алмай ұйқы орап,
Сағым жақтан ойналғандай күйтабақ.
Төмен қарап үнсiз тұрдың ойлана,
Қара ағаштың қабығынан сипалап.
Ерте бiлдiм
беретiнiн тiлдiң не,
Тiлсiз өмiр сүрмедiң не, сүрдiң не.
Үнсiз ғана қимай қарап тұрып ең,
Тым алысқа ұшарымды бiлдiң бе.
Көкiрегiмде
тау теңселiп, күн күлген,
Ұлы шайыр шықпас,
бәлкiм... кiм бiлген.
Туған ауыл,
аяулы қыз,
қалды артта,
Қара жолмен көкжиекке сiңдiм мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тым көңiлсiз өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Тым көңiлсiз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тым көңiлсiз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тым көңiлсiз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері