Азандар
Бұл бетте «Азандар» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
АУЫЛДАҒЫ АЗАН
Естуші едім ауылда
Молдамыздың азанын.
Азан үнi шыққанда,
Көтеріп жол тозаңын –
Намазға жұрт баратын,
Мешіт лық-лық толатын
Барлық мойын иіліп,
Барлық, қабақ, түйіліп,
Тірлік қамын ұмытып,
Бір аллаға сиынып –
Құбылаға жұрт құлайтын,
Иман, ұжмақ сұрайтын.
ҚАЛАДАҒЫ АЗАН
Енді есітемін қалада
Жұмысшының «азанын»,
Гудок әнін оятса,
Адал еңбек адамын –
Заводқа жұрт жөнейді,
Жұмыссызбын демейді.
Гүрілдейді көріктер,
Лауылдайды көмірлер,
Соғылады балғалар
Иіледі темірлер,
Тер жуады маңдайды,
Күс-күс қолдар талмайды.
1928
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі