Үрiкпей ерке киiктер – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Үрiкпей ерке киiктер» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 527
Үрiкпей ерке киiктер,
Даланың барлық сал-серiлерiн жиып кел.
Өзенге қонған үйректер,
Жиналған жұртқа әуелей ұшып билеп бер.
Тұрайын қарап мен үнсiз,
Жасаңдар тойды, жасаңдар тойды келiнсiз.
Ойнасын барлық балалар,
бiрiмен-бiрi алысып,
Қарсы алсын жiбек жағалар,
толқындар жетсе жарысып.
Жүретiн iштей ұнатып,
Ынтығын жiгiт алмасын бүгiн жылатып.
Сызылған жеңге-қайындар,
Далаға түгел түгi бар кiлем жайыңдар.
Домбыра қайда,
төгiлсiн сосын тойбастар,
Тыңдасын дала, тыңдасын тарих қойтастар.
Шеттеме сен де,
жақын кел мында,
қырғауыл,
Соқсыншы сосын соқпаған асқақ жыр дауыл.
Жiгiттер жүрсiн жорғамен табақ таратып,
Ортаға бүгiн Бiржан мен сұлу Сара шық.
Жолаушы сен де сауыққа мына мойын бұр,
Төлеген күткен тойым бұл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үрiкпей ерке киiктер өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Үрiкпей ерке киiктер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үрiкпей ерке киiктер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үрiкпей ерке киiктер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері