Өзiң жайлы ойлаймын бүгiнде мен – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Өзiң жайлы ойлаймын бүгiнде мен» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 789
Өзiң жайлы ойлаймын бүгiнде мен,
Жабықсам да өмiрден, түңiлмегем.
Бар өмiрiм тұрады сағыныштан,
Ғашық жандар жоқ шығар сүрiнбеген.
Сағыныштан тұрады тiршiлiгiм,
Сырын ұққам ақ қайың бүршiгiнiң.
Арасында жер басып жүргендердiң,
Сенi сүйген мен барын бiлшi гүлiм.
Жаңбырларға қарамай, дауылдарға,
Кеткiм келдi сен жүрген ауылдарға.
Сенiң орның бөлек қой, бiрге туған,
Алмастыра алмайды бауырлар да.
Ақ қайыңға тағы да келесiң бiр,
Туған жердiң басқанда белесiн гүл.
Екi жаққа кетсек те екi жолмен,
Қалмай қойды жанымнан елесiң бiр,
Менi мәңгi айналып елесiң жүр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзiң жайлы ойлаймын бүгiнде мен өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Өзiң жайлы ойлаймын бүгiнде мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзiң жайлы ойлаймын бүгiнде мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзiң жайлы ойлаймын бүгiнде мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері