Алмалы-алтын бесігім
Бұл бетте «Алмалы-алтын бесігім» атты Дәурен Қуанышев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сағымы ойнап қырында,
Сайында талай сыр бұққан.
Арналар саған жырым да,
Бүлкілдеп шыққан тұнықтан.
Жауынға бетті жуғанбыз,
Жүрекке сырлы күй тұнды.
Жандарың сенің-иманжүз,
Аңдарың-тіпті сүйкімді.
Ұлылық мәнін ұқтырған,
Жасарып жерім жатар ма?
Сыйлаған елі тік тұрған,
Батыр да мұнда,ақын да!
Ауылым бойын бойлаған,
Жайығым ерке өзенім.
Жанында тойын тойлаған,
Алмалым-менің өз елім.
Алмалы-алтын бесігім,
Жайқалған байтақ өрісің.
Жүректе мәңгі есімің,
Мәңгілік болсын ырысың.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі