Қайнадым қара шәйнекте – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Қайнадым қара шәйнекте» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 630
Қайнадым қара шәйнекте,
Дауасы су деп дертiмнiң.
Жаңбыр жауғанда әйнекке,
Сағыныш болып шертiлдiм.
Көзiмде жас боп қалды дүр,
Ойнаған тамшы шiркiнде.
Балауыз шамдай бал ғұмыр,
Өте де шығар бiр күнде.
Куәсi болған сертiмнiң,
Сол қызбен...
көше мүйiсi.
Дауасы болған дертiмнiң,
Суланған шаштың иiсi.
Кiрпiктен шық боп суланған,
Байқалар саған ендi нем?
Терезелерден буланған,
Елесiңдi iздеп телмiрем.
Адамның көзi бұлақ дүр,
Ағып бiр жатқан елсiзде.
Ағыл да тегiл жылап тұр,
Дүние мынау менсiз де.
Заманды тұрған сыр айтып,
Ойлы бiр ұрпақ бағамдар.
Бiрiңдi-бiрiң мұңайтып,
Жылатпаңдаршы, адамдар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайнадым қара шәйнекте өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Қайнадым қара шәйнекте өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайнадым қара шәйнекте өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайнадым қара шәйнекте өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері