Арман болған бүгiнде – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Арман болған бүгiнде» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 627
Арман болған бүгiнде,
Сұлу қызы Сиқымның.
Сезер ме екен түбiнде,
Бұзылғанын ұйқымның.
Үкiмiмiз кесiлген,
Жүректi ездi түнгi мұң.
Шықпай қойдың есiмнен,
Ару қызы Сүңгiнiң.
Ендi сайрар бұлбұлдар,
Бiздi де ертең бiлем дер.
Өзiңдi iздеп бұл жылдар,
Құлазиды Күреңбел.
Ол құшағын жайған күн,
Қалдың елдiң ары боп.
Шығыс жаққа Найманның,
Кете бардың жары боп.
Мен арманшыл ұл едiм,
Елiгi едiң Жамбылдың.
Айдың алтын нұры едiң,
Ұмыта алмай қаңғырдым.
Хабар бермей адаспа,
Құрдасыңа қайтейiн.
Жан жетпейдi Алашта,
Бiр басыңа қайтейiн.
Бар қызығы жалғанның,
Сенде кеттi қайтейiн.
Мәңгi жаулап алған мұң,
Менде кеттi қайтейiн.
Нұрлы жүзiң зар кезде,
Көрiнбедi қайтейiн.
Сүйемедi тар кезде,
Елiм менi қайтейiн.
Жаңбыр жырды селдеттiң,
Дақ түсiрмей арыңа.
Бақыт тiлеп мен кеттiм,
Жан ұяң мен жарыңа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арман болған бүгiнде өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Арман болған бүгiнде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арман болған бүгiнде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арман болған бүгiнде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері