Ғашық еткен – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Ғашық еткен» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 700
Ғашық еткен,
ақын еткен елiк ең,
Қайда барсам
ерке елесiң менiмен.
Iңкәр жан ем
сол кезеңде өмiрге,
Бұл жылдары барлығынан жерiгем.
Елiм барда жырым, гүлiм солмайды,
Қош жастық шақ,
қоштаспасқа болмайды,
Қара нардай көтеремiн,
тек қана,
Сенi қайтып көрмейтiнiм – сол қайғы.
Досым сатты,
сатпаған тек өлеңiм,
Өлеңiмдi аялаумен келемiн.
Өлер болсам биiгiмдi алып мен,
Өсектердi жеңiп барып өлемiн.
Барым осы,
ал қалғаны Сiзге сын,
Боран десiн,
көктем десiн,
күз десiн.
Бiр жылдары менi iздеген жан болса,
Ғашықтардың жүрегiнен iздесiн.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғашық еткен өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Ғашық еткен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғашық еткен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғашық еткен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері