Бұл бетте «Нағыз ақын» атты Айдын Оңласын жазған поэзия туралы өлең берілген.
Ақындықтың шыңына шығу үшін,
Биік шыңға өлең туын тігу үшін.
Сөз байлығы керек-ақ әр ақынға
Арлы істің мол сырын ұғу үшін.
Шындықты шырылдатып жаза білсе,
Еліне жырдан алқа таға білсе,
Осы жан-нағыз ақын дер едім мен
Өлеңімен тау суындай аға білсе.
«Ақындық-даналық» деп ұрандайын,
Нағыз ақын болады қырандайын.
Көсіліп иен далада сайран салған,
Нағыз шебер болады құландайын.
Сөз маржанын алыстан іздеп терген,
Аз болды ма ақындар өлең өрген.
Абай мен Мағжандардан үлгі алыңыз
Халқына қара сөздің нәрін берген.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі