Қыстау – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Қыстау» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 619
Татьяна қыз және мен

Қап-қара түнде қыстауға бардым сенiмен,
Саратов жақтан адасып келген елiк ең.
Көгiлдiр көздiм қазақша әзiл айтқанда,
Қырқада жатқан қарлардай бейне ерiгем.
Менiмен қатар желгенде ақ боз атпенен,
Кеудеңде сенiң төгiлiп тасып жатты өлең.
Татьяна деп жаңғырып жатты таулы аймақ,
Алматы жаққа аттанды жырым хатпенен.
Басында тұрып сыры көп ескi қырқаның,
Астыңда ақ боз, Жагор қызын сен шырқадың.
Әнiңнен кейiн ап қалып ғашық жырымды,
Жасық жырымды газетке бермей құртамын.
Өмiр деген, өмiр бұл, бәлкiм, той шығар,
Сәбидей пәкпiн мазалауды ендi қойсын ар.
Орыстың қызы қазақтың әнiн шырқаса,
Қауқылдасады қолдарын соғып қойшылар.
Шаршадық рас, мәнi жоқ кейбiр нұсқаудан,
Есiме бүгiн өзiңмен барған түстi аудан.
Қоңыр төбедей тебiрендi дана қарттарым,
Ән тарап жатты сол түнi ескi қыстаудан.
Пендеге әлi көрген емеспiн жағынып,
Әнiңе сенiң жүрген бiр жанмын табынып.
Үлгiлiдегi Биболат қарттың қыстауы,
Татьяна қыз, күтедi сенi сағынып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыстау өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Қыстау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыстау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыстау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері