Қар жауып тұр немесе ақын Дәуітәлі Стамбековті еске алу – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Қар жауып тұр немесе ақын Дәуітәлі Стамбековті еске алу» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 770
Өтсін қанша көктем келіп, күз мейлі,
Ұлы дала бір үмітін үзбейді.
Ерте өткен менің асыл ағамды,
Тоқырауын толқындары іздейді.
Қайран Дәукем жанарыма жас келді,
Сүйдің сенде артыңа ерген жас төлді.
Арқа жақтан Серік досың келді іздеп,
Ұрпақтарың Алматыда ас берді.
Сый-сияпат көрмей кеткен асылым,
Өр көңілін бермей кеткен асылым.
Көше ақыны едің сенде аяулы,
Келе жатыр сенің нұрлы ғасырың.
Асыл ақын, ардақты ақын, дүр ақын,
Жыр мұнара соғу еді мұратың.
Сарыарқаның сары белінен асып кеп,
Қазақфильм ауданында тұратын.
Бал өмірді жүрегімен сүйгенмен,
Махаббаттың алауына күйгенмен.
Басқаратал жақта жатқан аруақтар,
Ақын ұлы өткен кезде күйзелген.
Сені іздейді жұлдыз аққан айлы аспан,
Айлы аспаннан мынау біздің қайғы асқан.
Қар жауып тұр көңіліндей Дәукеңнің,
Алматыда қар жауып тұр қоймастан.
Жүрегімде батпан-батпан жатыр мұң,
Алдымдағы ағаларға бас ұрдым.
Қар жауып тұр ұлы қазақ жеріне,
Көңіліндей Дәуітәлі ақынның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қар жауып тұр немесе ақын Дәуітәлі Стамбековті еске алу өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Қар жауып тұр немесе ақын Дәуітәлі Стамбековті еске алу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қар жауып тұр немесе ақын Дәуітәлі Стамбековті еске алу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қар жауып тұр немесе ақын Дәуітәлі Стамбековті еске алу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері