Ей, өмір! – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ей, өмір!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1698
Балалықты жоқтаумен жыл ұрлаған,
Өтіп бара жатырмын жиырмадан.
Сияқтымын ұйқыдан жаңа оянып,
Таңертеңгі төсегім жиналмаған.
Не көрсем де сорымнан көремін мен,
Осып жібер жонымды көк өріммен.
Сәске түсім болса да қозы-лағым
Ағытылмай жатыпты-ау көгенімнен.
Көк өріммен жонымды осып жібер,
Кеудеме кеп құйылсын тосын жігер.
Түтетейін өзімше түтінімді,
Ей, өмір, қазан-ошақ, қосымды бер!

1970


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ей, өмір! өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ей, өмір! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ей, өмір! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ей, өмір! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері