Жинағыңның ғажап екен қағазы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жинағыңның ғажап екен қағазы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 512
Жинағыңның ғажап екен қағазы,
Әрине ол нәріне емес таразы.
Оқырманың деп жүрмесе жарады,
Сырлап, сындап өткізудің наразы.
Суретшің де жанын салып мүсіндей,
Алған екен ең ғажайып ісіндей.
Шолақ ақыл әсіре сән киінер
Жарасымын тұрады кім түсінбей.
Бұлай әлі шығып көрген жоқ Абай,
Сонда да оны оқырманы жоқтамай
Қалған емес, қағазы осал болса да,
Өтеді бір күн дүкендерде тоқтамай.
Абаймын деп айта алмайсың өзің де,
Онның бірі Абай жоқ қой сөзінде.
Пайдалана бер ауылың, бауырың,
Шапағаты, тиіп тұрған кезінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жинағыңның ғажап екен қағазы өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жинағыңның ғажап екен қағазы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жинағыңның ғажап екен қағазы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жинағыңның ғажап екен қағазы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері