Құр қалмас – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Құр қалмас» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2172
Әркімнің де бар өзінше есебі,
Өзінше ойлап, тек өзінше шешеді.
Опынады, опынады сан соғып,
Дұрыс болмай шықса ісі кешегі.
Ешкімді де жатпайтұғын таң қылып,
Мұның өзі өмірдегі заңдылық.
Бірде ұтып, бірде ұтылып жатамыз,
Қатып қалған қағида жоқ мәңгілік.
Тек туған жер болып жалғыз тірегі,
Әрбір адам өзінше өмір сүреді.
Тағдырынан тиесілі құр қалмас,
Кеудесінде соғып тұрса жүрегі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құр қалмас өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Құр қалмас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құр қалмас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құр қалмас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері