Жас кезімде жармастыңдар ағалап – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жас кезімде жармастыңдар ағалап» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 638
Жас кезімде жармастыңдар ағалап,
Өз қамдарың, күйіттеп кеп сағалап.
Бүгін пілсіп көкитіндер мені көр
Күн кере алмас кәрі атанға бағалап.
Жас қартаю, жарлы баю заңдылық,
Ал жаманның жақсы болуы — таң қылық.
Алла жерге қаратпайды әуелгі
Жаратқанын аруақты нән қылып.
Балаларды кінәлаймыз жазғырып,
Басымыздан өткендей-ақ аз қылық...
Өзімізге шаң жуытпай өкпелеп,
Әжемізге шағынатын наз қылып.
Қайран ана кешіп бала күнәсін,
Келінінің табатұғын «күнәсін».
Алла әзі жаратқан-ау кінәні,
Кешірімнен табатын ғып ұнасым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жас кезімде жармастыңдар ағалап өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жас кезімде жармастыңдар ағалап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жас кезімде жармастыңдар ағалап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жас кезімде жармастыңдар ағалап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері