Көрші хақы

Бұл бетте «Көрші хақы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1603
Ең алдымен айтайын көршілікті,
Қазақта мол көршіге кеңшілікті.
Аяқ-табақ арада жүгіріспей,
Кіржиісу дегенді ерсі ұғыпты.
«Ол дүниеде көрші үшін жауап та бар,
Татулыққһа «иман» бар, сауап та бар».
«Көршісіне құдайы» кешірім көп,
Іс керіссіз, кейіссіз аяқталар.
Ерулікке мал сойып шақырады,
Соғымынан сыбаға татырады.
Дәмді асынан қалмайды ауыз тимей,
Көршіге деп іркіп қап отырады.
«Көрші хақы өйткені – тәңір хақы»,
Қалт етпейді бар қазақ бұған мақұл.
«Көрші отырып не керек»,– десең болды,
Сұралмайды көршіде кеткен ақы.
Куә етіп шындыққа тәңір атын,
Дар алдында тұрса да табынатын,
Табарсыз ба халқымнан өткен дарқан,
Тең тұтыпты тәңірімен көрші хақын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрші хақы өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Көрші хақы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көрші хақы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көрші хақы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері