Аула ішінде аппақ гүл көміп есік – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Аула ішінде аппақ гүл көміп есік» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.01.2022
  • 0
  • 0
  • 737
Аула ішінде аппақ гүл көміп есік,
Жұлдыздарым жанады өліп-өшіп.
Өң мен түстің ішінде талықсыдым,
Өлең түсті қызғалдақ өмір кешіп.
Көлеңкеден күнгейдің жырын іздеп,
Тоғысады тау жақтан қырық із кеп.
Көк майсаның үстіне құлап едім,
Көктем келіп оятты тұрыңыз деп.
Қайда барып мен енді тұрақ табам,
Ғұмыр шіркін тұрады бір аптадан.
Қызғалдақтар жайнады ойда жоқта,
Қып-қызыл күн секілді қыр аттаған.
Көз жасымды құрғатты көктем ішіп,
Жарысуға гүлдегі жетпеді шық.
Адаспастан, дариға, тапты мені
Тырналардың дауысы жеткен ұшып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аула ішінде аппақ гүл көміп есік өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Аула ішінде аппақ гүл көміп есік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аула ішінде аппақ гүл көміп есік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аула ішінде аппақ гүл көміп есік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері