Қайшылықтар – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қайшылықтар» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 602
«Аспаның ашықта досың көп,
Бірі – аға, туыстай бірі – іні.
Көлеңкендей қашар, тосын кеп,
Басынды бұлт алса, бір күні».
Бұлт де, шуақ де ақ қанат
Ол қашан құлашын жая алды!
Алмай ма уақыт ноқталап,
Не бар бұл өмірде баянды?
Көктем кеп құлпырып жер үсті,
Гүл біткен алақан жайыпты...
Құз жетті, гүл кетті, ол ұшты!..
Осыған іздейміз бе айыпты?
Алыс боп жылытпай ма күн көзі?
Жетпеске санар ма жырақты!
Табиғат құбылғыш болса өзі,
Өмірден тауып көр тұрақты!
Шегі жоқ пенделік тілектер,
Қояр ма «жалықтым» дегізбей!
Ұнар ма тағдырлар бір өткел,
Күні бар, күйі бар егіздей.
Кездесіп қиындық тезіне
Тарынсаң, тамұқ қой гүл өңір.
Көпті айтып тұрмай ма өзі де,
Бір ғана берілген бұл өмір!
Басатын қай қадам қатасыз?
Таймас бақ, аумайтын мәңгі жоқ.
Болдың деп әлдекімге опасыз,
Кеюдің, достарым, мәні жоқ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайшылықтар өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қайшылықтар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайшылықтар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайшылықтар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері